Ауа райының бұзылуына байланысты Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ұлытау облысы 2025 жылғы 03 қаңтарда сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл» 25-137 шақырым аралығында, (Сатпаев қаласынаң – Ұлытау аулына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 4 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.