Түркияда жер сілкінісі болды

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Түркияның Анталия қаласында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Түркияның Анталия қаласында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген. 

Жер сілкінісі теңіз жағалауындағы Алания ауданында, 7 км тереңдікте болды. Эпицентрі де сол жерде анықталды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.