«Әлі сене алар емеспін»: әнші Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады

Өнер иесі жақында өмірден өткен әкесін еске алды.

Әнші Ернар Айдар әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.    

Өнер иесі жақында өмірден өткен әкесін еске алды.

«Өткен жылы бейсенбі күні асқар тауым әкешім өмірден өтіп, ертесіне қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Бүгін, міне, қасиетті жұма. Бір апта зу етіп, өте шықты. Әлі сене алар емеспін. «Ақиқатында, біз Алланікіміз һәм асылында, біз Оған қайтамыз». Бірақ қимастық сезім өзекті өртейді екен. (Айдарұлы Жаңабай ) Әкешіме Алладан рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың Оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат тілеймін, жатқан жеріңіз жайлы болып, жаратқан Алла жұмақтың төрінен орын берсін. Әр жылы әулетімізбен 1 қаңтар анашымды туған күнімен құттықтап, қара шаңыраққа жиналып, асқар тау әкеміздің ақ батасын алып, арқа-жарқа болушы едік. Анашым, Алладан тілерім деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Біздің бақытымызға сіз аман болыңыз!», - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.