Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды

6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массасы тарала бастайды.

«Қазгидромет» 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында жаңбыр, қар жауады және температура төмендейді.

6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массасы тарала бастайды, бұл температураның төмендеуіне әкеледі және қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар Оңтүстік-Каспий циклонының фронтал бөліктерінің ықпалында болады, бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

5-6 қаңтарда елдің орталық және шығыс өңірлері жоғары қысымның ықпалында болады, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын және көктайғақ болжанып отыр.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанып отыр:

Батыс өңірлерде түнде -12°С-тан -3°С-қа дейін, күндіз -8°С-тан -3°С-қа дейін;

Солтүстік-батыста түнде -4°С-тан -15°С-қа дейін, күндіз -2°С-тан -12°С-қа дейін;

Солтүстікте түнде және күндіз -2°С-тан -10°С-қа дейін;

Орталықта түнде -5°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз -0°С-тан -10°С-қа дейін;

Шығыста түнде -10°С-тан -25°С-қа дейін, күндіз -5°С-тан -13°С-қа дейін;

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -0°С-тан -10°С-қа дейін, таулы аймақтарда -13°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -3°С-тан +8°С-қа дейін, таулы аймақтарда -3°С-тан -8°С-қа дейін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.