Астанада автокөлік ұрлап, айдап кеткен адам видеоға түсіп қалды (Видео)

Тексеру барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде қосулы тұрған автокөлікті көріп, еш кедергісіз айдап кеткен.

Астанада полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін айдап әкеткен адамды ұстады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шағымданушының айтуынша, мереке күндері ол жаңажылдық сыйлықтарды жеткізіп жүрген. Клиенттердің үйіне бірнеше минутқа кіріп шыққан ер адам автокөлікті қосулы күйінде қалдырып отырған. 

Келесі бір жеткізілімнен кейін подъезден шыққанда ол өзінің Nissan Cefiro көлігінің жоғалып кеткенін байқаған. Осыдан кейін ер адам дереу полицияға хабарласқан. 

Тексеру барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде қосулы тұрған автокөлікті көріп, еш кедергісіз айдап кеткен.

Патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде оны тез арада ұстап алды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.