Жетісу облысында қар құрсауында қалған 11 адам құтқарылды

Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тасжолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды.

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тасжолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды. 

Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шықты. Достық станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала. 

Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.