Алматыдан 420 шақырым аумақта жер сілкінді

Алматыдан 420 шақырым аумақта жер сілкінді
Астана уақыты бойынша 12 сағат 05 минут 55 секундта сейсмикалық стансалар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

4 қаңтар күні Астана уақытымен 12:05-те Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

«2025 жылдың 4 қаңтарында Астана уақыты бойынша 12 сағат 05 минут 55 секундта сейсмикалық стансалар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің қуаты мен зардабы туралы қосымша ақпарат жарияланбады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.