Ұлытауда жол апатынан үш адам қаза тапты

Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жол ережесін сақтау қажеттігін еске салады.

Бүгін Ұлытау облысында екі көлік соқтығысты. Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан үш адам қаза тапты.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Апат себебін мамандар анықтайды», – деді департамент өкілі. 

Полиция жүргізушілерге жол ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтау керек екенін ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.