5 қаңтарда қор нарығында доллар қымбаттады

Еуро 542-549 теңге аралығында құбылып тұр.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,01 теңгеге қымбаттады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

АҚШ долларының орташа бағамы – 526,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 530 теңге. 

Еуро 542-549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 527 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.