Жапонияның ең қарт тұрғыны және әлемдегі ең егде адам Томика Итоока 116 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Жапонияның Kyodo ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, Итоока 29 желтоқсанда табиғи себепке байланысты қайтыс болған. Ол әлемдегі ең қарт адам атағын 2023 жылдың желтоқсанында Жапонияның тұрғыны, 116 жастағы Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін алды.
Ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде ең қарт адам мәртебесін берді.