Бақыт Сұлтановтың жігіттік сөзі
Бақыт Сұлтановтың жігіттік сөзі
157
оқылды
Елдің түкпір-түкпіріндегі азық-түлік дүрбелеңінен кейін Үкімет өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында баспасөз жиынын өткізді. Шенеуніктер «Қазақстанда азық-түлік қорына қатысты қиындық болмайды» деп сендірді. Сауда және интеграция ми­нистрі Бақыт Сұлтановтың ай­туынша, еліміз азық-түліктің не­гізгі түрлері бойынша ішкі на­рықты өз өнімдерімен қам­тамасыз етіп отыр. Сондай-ақ вирус тараған елдердің әлеумет­тік маңызды тауарларына тәуелді емес. Елде жарты жылға жете­тіндей азық-түлік қоры бар екен. Азық-түліктің қымбатта­майтынын мәлімдеген Бақыт Сұл­танов халықты сауда орталы­ғындағы дүрбелең туралы сурет­терге мән бермеуге шақырды.
– Сауда орталықтарына кө­мек ретінде қаржы бөлініп отыр. Олар белгілі бір бағаны ұстап тұру міндетін алды. Мысалы, кеше (яғни, 12 наурызда – ред.) Нұр-Сұлтандағы бірқатар сауда жүйелеріне қосымша бір мил­лиард теңге бөлінді. Сондықтан WhatsAрр-та тараған касса ма­ңында түсірілген бір фотоға бола даурығудың қажеті жоқ. Өзде­ріңіз білесіздер, егер көлдене­ңінен түсірсе, ондай жағдайды кез келген жерден байқауға бо­лады, – деді Сұлтанов.
Үкімет коронавирусқа қарсы сақтық шараларын күшейткен соң 12 наурызда Қазақстанның түрлі қалаларында дүкендерде, супермаркеттерде тұрғындар жап­пай азық-түлік сатып алып, ұзын-сонар кезек пайда болған еді.
Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Сапархан Омаровтың сөзінше, жедел штаб құрылып, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргі­зі­леді. Омаров брифинг кезінде Маңғыстау облысына пандемия өршіп тұрған Ираннан, Әзер­байжаннан жеткізілетін көкө­ністер мен жеміс-жидектің қа­уіп­сіздігі туралы сұраққа да жа­уап берді. Омаров «бұл екі мем­лекеттен импортталатын өнім­дердің барлығы дәрі-дәрмекпен өңделеді» деп жұбатты.
– Біз Иранмен шекараны жап­қан жоқпыз. Өйткені ғалым­дардың зерттеуінше, азық-түлік тауарларында коронавирустың сақталу мерзімі 3-4 үш төрт күн­нен аспайды, – деді Сапархан Омаров. Айтпақшы, брифинг бары­сында бір журналист қыз Бақыт Сұлтановқа: – Жігіттік сөз бере аласыз ба? Азық-түлік жеткілікті бола ма? – деген құйтырқы сұрақ қойды. Министр де саспайды екен. – Азық-түлік жеткілікті, проблема болмайды, – деп шорт кесіп, шолақ қайырды.   Айдар ДӘУІТҰЛЫ