Энергетика министрі 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есептемегенде тоннасы үшін 45 158 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін", – делінген бұйрықта.