Коронавирус: Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады
Коронавирус: Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады
President Trump held a rally at the Monroe Civic Center in support of Louisiana governor candidate Eddie Rispone ahead of the upcoming run-off election on Nov. 6 in Monroe, La.6h2a9916

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елде жалпыұлттық төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мен төтенше жағдай режимін ресми түрде жариялаймын, - деді ол.
АҚШ басшысының айтуынша, төтенше жағдайды енгізу федералды және жергілікті билік органдарына эпидемия жағдайында бірлескен жұмыстарды анағұрлым жақсы үйлестіруге септігін тигізетін болады. Сондай-ақ Америка басшысы коронавирусты анықтайтын диагностикалық тестілердің қосымша жарты миллион жиынтығы алдағы аптаның басында және бір ай ішінде тағы 5 миллионы дәрігерлерге жеткізілетінін мәлім етті. Алайда оларды қолданудың қажеті болмайды деп айтты. АҚШ Президенті мәлімдеуінше, оның бұл жарлығы денсаулық сақтау министрінің құзыретін кеңейтеді. Бұдан былай оның қабылдайтын шаралары қолданыстағы кейбір заңдармен және ережелермен шектелмейтін болады. Бұл денсаулық сақтау органдарына анағұрлым жедел әрі икемді әрекет етуге мүмкіндік береді. Трамп бұл вируспен күресуге 50 миллиард долларға дейін қаражат бөлінетінін айтты. Бүгінге дейін АҚШ-та COVID-19-ға шалдығудың 1700 жағдайы тіркелген. Көз жұмғандардың саны 40-тан асады.