Полицейлер Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, есірткі тасымалына тосқауыл қойды

Полицейлер Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, есірткі тасымалына тосқауыл қойды

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Алматы облысында өткізген арнайы операция кезінде марихуана мен гашиштің ірі партиясын анықтаған. Жедел тексеру іс-шаралары Алматы–Бішкек тасжолында ұйымдастырылып, 97-шақырымында Pontiac автокөлігі тоқтатылған. Куәгерлердің қатысуымен жолаушыдан төрт келі 627 грамм марихуана және 5,52 грамм гашиш тәркіленген.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің өкілдері: «Жолаушы ретінде таксимен жүрген Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам бұрын есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді.
Күдікті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.   https://youtu.be/l60U7BgeKB4