Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құт­тықтаймын! Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрам­да діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұста­натын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасам­паздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді. Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Рождество мерекесі құтты болсын!