«Пияз теріп 1 миллион 500 мың теңге табады»: желіде Англияда жұмыс істейтін қазақтардың видеосы тарады

Қазір қазақ қоғамында жастардың нәпақа табу үшін шетке кетіп, жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналды.

Әлеуметтік желіде Англияда егістікте жұмыс істеп жүрген қазақтардың видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Мынау Бекболат деген жігіт. Тараздың тумасы. Осылай жатып алып, пияз тереді. Айына 1.5 миллион теңге ақша табады. Ал мұның әйелі отырып алып, пияз тереді. Айына 1 миллион 300 мың табады», – дейді видео авторы.

Aikyn.kz сайты бұған дейін Шетелде жұмыс істеген қазақ: 6 айда 6 миллион таптым деген тақырыпта мақала жазған еді.