14 наурыз күнгі валюта бағамы
14 наурыз күнгі валюта бағамы
© Сурет ғаламтордан
171
оқылды
14 наурыздағы АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми бағамы 405,46 теңгені құрайды. Қазақстанның айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы доллар үшін 408-410 теңгеге дейін қымбаттады. Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша Нұр-Сұлтан айырбас орындарында 408,5-410 теңгеге доллар сатып алуға болады. Еуро сатып алу 457-460 теңгені құрайды. Ресей рублі 5,7-5,8 теңгеге сатып алуға болады. Алматы айырбастау пункттерінде доллар 408-410 теңгеге, евро - 455-457,5 теңгеге, Ресей рублі - 5,7-5,8 теңгеге саудаланады. Шымкент қаласының айырбастау пункттерінде доллар 408-410 теңгеге, Еуро - 458 теңгеге, Ресей рублі - 5,6-5,7 теңгеге сатылады. 13 нарыз күні Қазақстан қор биржасында теңгенің АҚШ долларына қатынасы орташа курсы 405,46 теңге, ал кешкі сауда сессиясында 405,62 теңгені құрады. Қазақстандағы айырбастау пункттерінің жұмыс ережесі 1 ақпаннан бастап Қазақстанның айырбастау пункттері жаңа ережелер бойынша жұмыс істейді: 9:00-ден 20:00-ге дейін, теміржол вокзалдарының, казино, аэровокзалдардың, әуежайлардың ғимараттарында, сондай-ақ шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқандарды қоспағанда. Ірі сауда орталықтарында 22:00 дейін валюта айырбастауға болады. Бұдан басқа, 500 мың теңгеден (1 323 доллар) жоғарысомаға валюта айырбастау кезінде жеке басын куәландыратын құжат пен мекен-жайды көрсету қажет.