Алматыда жеңіл көлік қағып кеткен жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 6 қаңтар күні сағат 21:40-та Алатау ауданында Рысқұлов даңғылында болған.
«Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі шығыс бағытта қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 1971 жылы туған ер адам белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Полиция департаменті.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және белгіленген орындардан ғана жолды кесіп өтуге кеңес береді.