Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды

Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07.00-де ашылады.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды. 

7 қаңтарда сағат 14.00-дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған-Петропавл автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ бүгін сағат 14.00-дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған-Петропавл автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеледі.

Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.