Алматыда жол апатынан 6 адам зардап шекті

Төтенше жағдай Медеуге баратын жолда болған.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Желіде оқиға орнынан видео тарады.

Алматы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Кia көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол көшемен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан, екі көліктің жүргізушісі мен Toyota Mark 2-нің үш жолаушысы және Kia көлігінің бір жолаушысы зардап шекті", – деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Алматының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.