Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған малшыны тапты, - деп хабарлайды Аikyn.kz Төтенше жағдай министрлігінің телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып.
112 пультіне Ақтоғай ауданының «Менеш» қыстағынан малшының жоғалғаны жайында хабарлама келіп түскен. 1970 жылы туған ер адам машинамен мал іздеуге шыққан екен.
Тез арада басталған іздеу жұмыстарының арқасында ТЖМ іздеу тобы жоғалған азаматты тапты. Ер адам зардап шеккен жоқ.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.