Еліміздің 14 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада түнде қалың қар жауып, күндіз бұрқасын күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-батысқа бұрылып, таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында да тоқтаусыз қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болмақ. Алматы облысының тау бөктері мен таулы аймағының кей жерлеріне қалың қар жауады.
Күндіз Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей елді мекендерде қалың қар жауып, боран соғады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел күшейе түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде де қар жауып, айналаны тұман басады. Ал Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с жетеді.
Қостанай облысында түнде бұрқасын, тұман күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Павлодар облысында қарлы боран соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде қарлы боран тұрып, тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 10-15 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Түркістан облысында ауа температурасы түнде 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеп, қар жауады. Шымкентте түнде қар жауып, қатты жел тұрады.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жол жабылды.