"Аллаға сансыз шүкір": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөліскен сәтін көрсетті

Алтынай Жорабаева бұған дейін еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын бөлісті.

Алтынай Жорабаева көптен күткен жүктілігі туралы жолдасы мен жақындарына қалай хабарлағанын көрсетті. Ол бұл жайында Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Әнші қуанышты жаңалығын, ең алдымен, жолдасы мен қыздарына хабарлаған. Олар бұл хабарға қатты қуанған.  Артынан Алтынай Жорабаева жүктілігі туралы туған інісі Талғат Жорабаев пен оның келіншегіне айтқан. Олардың да бұл хабарды қалай қабылдағанын түсіріп алған. Бейнежазбада әншінің бауыры қуаныштан әпкесін құшақтағанын көруге болады. Ал ата-анасы болса, бұл қуанышты хабарды естігенде көз жасына ерік беріп, қызына ақ тілегін білдірген.

"Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек Аллаға тән. Аллама сансыз шүкірлер. Зымыраған уақыт-ай. Осыдан 2 жыл бұрын, көптен күтіп жүрген жаңалығымызбен, жақындарымызбен бөлісіп шыққан едік. Видеоға түспей қалғаны да бар. Міне, бүгін сіздермен бөліскім келді. Алланың қалауымен Амина Алишерқызы бүгін 1 жасқа толды. Амина қызымыз, қаншама жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан. Сәби күтіп, дұға жасап жүрген жандарға жұғысты болсыншы. Дұға-тілектеріңізге мың алғыс! Өздеріңізге еселеп қайтсын!", – деген жазба қалдырды ол.