Ақтөбеде жол белгілерін орнатуға бөлінген 272 миллион теңге қолды болған

Іс сотқа жолданды.

Ақтөбе қалалық прокуратурасы «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ директоры бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Прокуратураның мәліметінше, КММ директоры қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.  

- Оның әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды, – делінген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.