Президент Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген ресми ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.