Алматыда алып сәби өмірге келді

Оның салмағы – 5 810 грамм, бойы – 60 см.

Алматылық тұрғын ерекше сәбиді өмірге әкеліп, «батырдың анасы» атанды. Бұл туралы Алматы қалалық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алып сәбиді дүниеге әкелген ананың есімі – Анар Жахина. Ол нәрестені Алматы қалалық перинаталды орталықта босанды.

– Оған кесір тілігі жасалды. Әу баста ана өзі босанады деп жоспарланған. Алайда сәбидің салмағы ауыр болғандықтан, дәрігерлер операция жасады,  – деп хабарлады Алматы қалалық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі. 

Ол – Анардың бесінші баласы. Сәби – үйдегі төртінші ұл, әулетте тағы бір қыз бар. Ұлдың салмағы – 5 810 грамм, бойы – 60 см. Оның есімін Мұхаммад деп қойды.

Қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.