272 миллион теңге: жол белгілеріне бөлінген қаржы жымқырылған

Жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстың актілерін қабылдап жіберген.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы бюджеттен жол белгілеріне бөлінген 272 миллион теңгені жымқыру фактісін анықтады.

Ведомство мәліметінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры өз қызметін пайдаланған. Сөйтіп, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 миллион теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстың актілерін қабылдаған.

Директордың әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды, –делінген прокуратура мәліметінде.