Қазақстан Республикасының Әділет министрі жаңадан тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Азамат Есқараевтың Әділет министрі лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.
Ал Ерлан Сәрсембаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған.