Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.