Петропавлда көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы азық-түлік дүкені өртенді

Құтқарушылар 68 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 18 бала бар.

Петропавл қаласында Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкені өртке оранды. 

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. Құтқарушылар 68 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 18 бала бар. Зардап шеккендер жоқ. 5 тұрғынға, оның ішінде 2 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Эвакуацияланғандар үшін жылыту орындары ұйымдастырылған. Құтқарушылар өртті сөндіруді жалғастыруда. Барлығы 64 жеке құрам және 18 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.