13 өңірде ауа райы қолайсыз болады: синоптиктер ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең, 11 қаңтарда елдің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын 

болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында тұман болады.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.