Фристайлдан әлем кубогы өтеді

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау шаңғысы курортында фристайл – могул және фристайл акробатикадан әлем кубогының кезеңдері өтеді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында «Шым­бұлақ» тау шаңғысы курорты­ның директоры Ринат Әбдірах­манов бұл жарыстарға жаздан бері дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

– Жасөспірімдер арасын­да­ғы әлем чемпионаты Қазақ­стан­да ғана емес, Орталық Азия­да алғаш рет өткізіліп отыр. Әрине, демалыс орны бұл жарыстарға өте мұқият дайын­далуға тырысты. Іс-шаралар­дың жиілігі мен қаңтардағы ме­рекелерді ескере отырып, опе­рациялық топқа үлкен жа­уапкершілік артылды. Ши­па­жайды жаппай шаңғы тебуге, сондай-ақ жарысқа арналған жолдарды дайындауға уақыт керек еді. Біз акробатика мен могул жолдарын жаздан бастап дайындадық. Бұл жұмыстарды әріптестеріміз жоғары баға­лады. Оған біздің мамандар ғана емес, шетелдік, атап айт­қан­да Андоррадан кеңесшілер де тартылды. Олар бізге ұйым­дастыру мәселесінде көмек­тес­ті, – дейді Ринат Әбдірахманов.

Сонымен қатар ол FIS (Ха­лықаралық шаңғы федерация­сы) сарапшылары жарыстың ұйымдастырушылық аспекті­леріне жоғары баға бергенін атап өтті.

Айта кетейік, 7 қаңтардан бастап Шымбұлақта фрис­тайлдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 

Қазақстан құрамасы фрис­тайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады. Оның екеуін Анастасия Городко ие­ленді. Ол могул бойынша екін­ші орынды және параллель могулда бірінші орынды жеңіп алды.

Юлия Феклистова мен Де­нис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медальға ие болды.

Медальдар есебінде Қазақ­стан екінші орында тұр. Бірінші орында – Жапония (екі алтын және бір қола медаль), ал үшін­ші орында – Чехия (бір алтын).