Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр,  деп жазады Aykin.kz.

"Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды”,  деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.