Төбелес кезінде пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкері Алматы ауруханаларының бірінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Aykin.kz.
"Қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкері ол сәтте қызметтік міндетте болмаған және жұмыстан тыс уақытта болған", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жарияланбайды.