Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты балаларды балабақшаларға жібермеуді ұсынды. "Мектепке дейінгі ұйымдарға келетін болсақ, олар штаттық режимде жұмыс істейді. Бірақ біз ата-аналарға балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Әзірге олар жұмыс істейді. Сондай-ақ бұрын норма бойынша егер бала келмейтін болса оның орын босатылады. Біз өзгерістер енгіздік. Қазір орын осы кезеңде сақталады", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысын бұрынғы режимде жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар, қосымша білім беру мекемелері 5 сәуірге дейін жабылады.