Алматыдан 77 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, жерасты дүмпуі 11 қаңтар күні сағат 16:15-те сезілді.
- ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 шақырым қашықтықта жер сілкінді, - делінген хабарламада.
Эпицентрінің бағыты 43,59 солтүстік ендікте, 7780 градус шығыс бойлықта жатыр. Магнитудасы – mb=3.8. Энергетикалық класы – K=8.8.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.