13 қаңтардағы валюта бағамы белгілі болды

13 қаңтардағы ҚР Ұлттық банкі бекіткен бағам бойынша 1 доллар құны – 526.81 теңге.

Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде доллар 526-532 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу құны – 530,3 теңге. Еуроның бағасы 541-546 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату құны – 528 теңге, ал сатып алу бағасы – 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынып жатыр.

Ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,20 аралығында саудаланып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.