Мұрнына операция жасатқан қыз аяқасты көз жұмды

Бұл осы хирургқа байланысты алғашқы қайғылы жағдай емес.

Әзербайжанда ринопластикадан кейін комаға түскен 30 жастағы Назрин Мансурова қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Oxu.Az Liv Bona Dea ауруханасына сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қалу үшін барын салғанмен, науқас қайтыс болды.

Операцияны 3 қаңтарда хирург Санан Мехдиев жүргізген, бірақ келесі күні Назрин Мансурованың жағдайы күрт нашарлады.

Бұл осы хирургқа байланысты алғашқы қайғылы жағдай емес. 2015 жылы дәрігер Мехдиев жүргізген операциядан кейін 18 жастағы Лейла Мурсалова көз жұмған. 

Ұзақ тергеу нәтижесінде дәрігер 8 ай және 23 күнге бас бостандығынан айырылған.