Теннистен Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды

Ойындар Астанадағы Beeline Arena жабық хард кортында өтеді.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 1-2 ақпан аралығында өтетін Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобы аясында Пәкістанға қарсы матч өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәлемітінше, Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы келесі құрамды таңдады:

- Александр Шевченко

- Тимофей Скатов

- Дмитрий Попко

- Бейбіт Жұқаев

- Денис Евсеев

Ойындар Астанадағы Beeline Arena жабық хард кортында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматтан тұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.