Әнші Бүркіт пен Аиша тағы сәби күтіп жүргенін жеткізді

Әнші тағы бір жазбасында әйелдің бақыты ер адамның қолында екенін айтқан.

Шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Шетелде саяхаттап жүрген олар әлеуметтік желі қолданушыларының болжамын растады. Әнші Бүркіт Балидегі демалыстан видео жариялап, ерекше жазба қалдырды. 

"Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың", - деп жазды Бүркіт. 

Желі қолданушылары оларға бақыт тіледі.

Әнші тағы бір жазбасында әйелдің бақыты ер адамның қолында екенін айтқан. Айтуынша, мұны бала кезінен әкесінің анасына деген қарым-қатынасынан байқап, түсінген. Ол ер-азаматтарды әйел адамды бағалауға шақырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.