Алматыда жас жігітті троллейбус қағып, мерт қылды

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматыда троллейбус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

@almatylive_kz Telegram-арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Бостандық ауданында сағат 17:50-де болған.

№11 маршруттағы троллейбус жүргізушісі Тимирязов көшесімен батыс бағытта келе жатып, Байтұрсынов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 2003 жылы туған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.