Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар қалалық прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
– Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды, – делінген ақпаратта.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.