Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның депутаттық өкілеттігі тоқтады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәжілістегі "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаты Гаухар Танашеваның депутаттық өкілетті тоқтатылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", – делінген хабарламада.