Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына қатысты

Саммит аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Руанда президенті Поль Кагама, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар.

Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» (ADSW) – орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі.

Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге бағытталған.

Биыл форум «Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету» (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.