Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, қайраңдап қалған балықтар ауа жетпей қырылуда, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Каналдың бетін балықтың өлексесі жапқан. Шалажансар балықтар да жетерлік.
Атырау облысы әкімдігі балық қырылу фактісін растады.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы мен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары жұмыс істеуде. Құтқару шаралары туралы қосымша хабарланатын болады", - деп қысқа қайырды Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев.
Бұған дейін былтырғы тасқыннан соң, Атырау облысы бойынша қайраңдап қалған 8 миллионға жуық шабақ құтқарылған болатын.
Баян ЖAНҰЗАҚОВА, Атырау облысы