Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Фристайл-могулдан жарысқа қатысқан отандасымыз, Қазақ спорт және туризм академиясының 3-курс студенті Анастасия Городко 79,79 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Бүгін Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Фристайл-могулдан жарысқа қатысқан отандасымыз, Қазақ спорт және туризм академиясының 3-курс студенті Анастасия Городко 79,79 ұпаймен жеңімпаз атанып, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29 ұпай) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады. 

Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс докторанты Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.