Алакөлде жеңіл көлік тізгіндеген ер адам қар құрсауында қалып қойған (видео)

Қар құрсауында қалған жүргізуші Достық станциясына жеткізілді.

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тасжолында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.

– Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікті тауып, ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты, – делінген ТЖМ хабарламасында. 

ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа райын мұқият қадағалауды еске салады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.