Ұлттық банк Қазақстанда ақша айырбастаудың жаңа ережесін бекітеді

Қаулы жобасының толық мәтіні Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында жарияланды.

Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма қаулысының жобасы әзірледі, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін — 7 теңге, еуро үшін — 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.  

– Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған, - делінген хабарламада.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді. 

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.