ChatGPT-дің жаңа көмекшісі бір уақытта 10 тапсырма орындайды және оларды еске салып тұрады

Жасанды интеллект құралдары күнде ғажайып құралдар ұсынады. Кеше (14 қаңтар) ChatGPT сондай бір ақылды көмекші құралын ұсынды.

Aikyn.kz жаңа цифрлық көмекшінің функционалымен bgr.com сайтындағы хабарламаға сүйеніп таныстырады.ChatGPT – ақылды ғана емес, енді сүйікті цифрлық көмекшіге айналды. Осы аптада OpenAI пайдаланушыларды қуантатын чат-боттың жаңа функциясының бета нұсқасын шығарды. Енді сіз ChatGPT-ге алдын ала әрекеттер жасауды немесе күнде қайталанып тұратын істерді орындауды тапсыра аласыз. Жаңа функция Tasks (Тапсырмалар) деп аталады.

OpenAI чат-боты қаншалықты ақылды болса да, цифрлық көмекшіні соншалықты пайдалы ететін кейбір негізгі мүмкіндіктер бұрын болмаған. Tasks көмегімен ChatGPT бұрын сізге көмектесіп келген Siri және Google Assistant сияқты құралдардың қатары көбейетін болады. Чат-бот сізге олардан да пайдалы, ең құнды құралға айналуы мүмкін.Tasks (Тапсырмалар) бір уақытта 10 белсенді тапсырма орындайды. Фото linkedin.com желісінен алынды. Авторлығы: Omnia Kamal EL-Nakshabandy аккаунты

Жаңа мүмкіндік ChatGPT Plus, Team және Pro жазылушыларына осы сейсенбіден (14 қаңтар) бастап қолжетімді. Ақылы жазылушылар мүмкіндікті ChatGPT үлгісін таңдау құралында «Жоспарланған тапсырмалармен 4o» опциясын таңдау арқылы қолданады. Осыдан кейін жай ғана сұрауыңызды енгізіңіз. ChatGPT сіздің чат-ботпен әрекеттесуіңізге негізделген тапсырмаларды ұсынады, бірақ алдымен оларды мақұлдауыңыз қажет.

Еске салғышты орнатқаннан кейін оны чатта немесе веб-профиль мәзіріндегі Tasks (Тапсырмалар) бетінен басқаруға болады. Бұл бетте сіз орнатқан барлық еске салғыштарды көресіз және оларды оңай өзгертуге немесе жоюға болады. Сізде бір уақытта 10 белсенді тапсырма болуы мүмкін.X желісіндегі аккаунтында OpenAI қызметкері Karina Nguyen ChatGPT жаңа Tasks-ті қолданудың кейбір ерекше пайдалы жақтарымен бөлісті. Олардың ішінде күн сайын таңертең акциялар бағасын тексеру, күнде шет тілінде жаңа сөздер үйрену және сол күнгі барлық ЖИ жаңалықтарын қорытындылау да кіреді.

Сіз ChatGPT құралдарына ақылы жазылмасаңыз уайымдамаңыз, жақын арада жаңа Tasks (Тапсырмалар) функциясы барлық пайдаланушыларға ашылады. OpenAI бұл мүмкіндік «ChatGPT тіркелгісі бар кез келген адамға қолжетімді болатынын» жариялады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.