Алматы-Өскемен тасжолында ірі жол-көлік апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді.
– 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының 28 шақырым учаскесінде (“Алматы-Қонаев” бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат қалың тұман кезінде болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқыс оқиға жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан болған, – делінген хабарламада.
Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.